Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған мәнерлеп сырғанаудан турнир өтеді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан жетінші халықаралық «Денис Тен мемориалы» турнирі өтеді.

Жарыс 7-11 қазан аралығында «Халық Арена» мұз айдынында ұйымдастырылады. Турнир ISU Challenger сериясына кіреді. Қатысушылар әлемдік рейтингке ұпай жинап, ISU чемпионаттарына қатысуға қажетті ең төменгі техникалық ұпайды орындауға мүмкіндік алады.

Ересектер арасында медальдар ерлер және әйелдер арасындағы жеке сырғанаудан, сондай-ақ мұздағы биден сарапқа салынады. Ресми жаттығулар 7 қазанда басталып, жарыстың негізгі бағдарламасы 8-10 қазан аралығында өтеді.

Жарыс Қазақстанның әйгілі мәнерлеп сырғанаушысы Денис Тенді еске алуға арналған. Ол Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада медалін жеңіп алған алғашқы спортшы атанды. Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль иеленді.

Сонымен қатар Денис Тен 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды.

Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған мәнерлеп сырғанаудан турнир өтеді – sport-hub