Алматыда ITF J100 халықаралық турнирінің жүлделері сарапқа салынды

Бегасыл Амирбай ··
ҚТФ

ҚТФ

Алматыда ITF J100 санатындағы халықаралық жасөспірімдер турнирі аяқталды. Ойындар 15–21 маусым аралығында ЦСКА теннис орталығының топырақ корттарында өтті.

Қазақстаннан және өзге елдерден келген 18 жасқа дейінгі теннисшілер төрт жүлде жиынтығын және ITF World Tennis Tour Juniors сериясының рейтингтік ұпайларын сарапқа салды.

Жекелей сында ұлдар арасында сербиялық Дьордже Сапич жеңімпаз атанса, қыздар арасында Қытай өкілі Сяотун Ван чемпион болды.

Жұптық сында ұлдар арасында өзбекстандық Махмудбек Бекназаров пен Ахмаджон Тошмухамедов топ жарды. Ал қыздар арасында қазақстандықтар Альбина Какенова мен Сатима Тореген үздік атанды.

Айта кетейік, ITF J100 турнирі ITF World Tennis Tour Juniors күнтізбесіне кіреді және қатысушыларға әлемдік жасөспірімдер рейтингінде ұпай жинауға мүмкіндік береді.