Денис Евсеев Румыниядағы турнирді алғашқы айналымда аяқтады
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Румынияның Тыргу-Муреш қаласында өтіп жатқан «Челленджер» санатындағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады.
Алғашқы кезеңде 33 жастағы қазақстандық румыниялық Себастьян Гима теннисшісіне 6:7, 3:6 есебімен жол берді.
Енді Гима турнирдің екінші айналымында Андрей Недич өкілімен кездеседі.
Айта кетейік, Денис Евсеев жекелей және жұптық сында жалпы саны 20 титулдың иегері. Қазіргі таңда ол ATP рейтингінде 457-орында тұр.