Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Contender турнирі өтеді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Алматыда 1-6 қыркүйек аралығында WTT Contender Almaty 2026 үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді.

Жарыс ADD үстел теннисі орталығында ұйымдастырылады. WTT Contender Almaty аясында бес санат бойынша жүлделер сарапқа салынады: ерлер және әйелдер арасындағы жекелей, ерлер және әйелдер арасындағы жұптық разрядтар, сондай-ақ аралас жұптық сайыс.

Турнирдің алғашқы екі күні іріктеу кезеңіне арналады. Негізгі кезеңнің матчтары 3 қыркүйекте басталады. Аралас жұптық разрядтағы финал 5 қыркүйекке жоспарланған, ал қалған шешуші кездесулер 6 қыркүйекте өтеді.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды. Жарысқа Қазақстан және басқа елдердің спортшылары қатысады.

Айта кетейік, Алматы World Table Tennis ұйымының аясындағы халықаралық жарыстарды тұрақты түрде қабылдап келеді. Шілде айында қалада WTT Youth Contender Almaty турнирі өтті. Ал 15-20 қыркүйек аралығында Қазақстан WTT Star Contender Astana – President’s Cup жарысын қабылдайды.

Алматыда үстел теннисінен халықаралық WTT Contender турнирі өтеді – sport-hub