«Алтай» Беларусь құрамасының ойыншысымен толықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Динамо» ФК

Фото: «Динамо» ФК

Өскеменнің «Алтай» клубы беларусьтік вингер Дмитрий Подстреловпен келісімге келді. 27 жастағы футболшы мансабын Қазақстанда жалғастырады.

Ойыншының ауысуы туралы «Ухо» Telegram-арнасы хабарлады. Подстрелов кәсіби мансабында Беларусьтің «Днепр», «Дняпро», «Шахтер» (Солигорск), БАТЭ және «Динамо» (Минск) клубтарында өнер көрсеткен. Сондай-ақ ол Албанияның «Партизани» және Қазақстанның «Каспий» клубтарының намысын қорғаған.

Халықаралық деңгейде Дмитрий Подстрелов Беларусь ұлттық құрамасы сапында 14 матч өткізген.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 12 турында «Алтай» тоғыз ұпай жинап, турнирлік кестеде 14-орында тұр.