Англия құрамасы әлем чемпионаты алдында Коста-Риканы ойсырата жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: EFA

Фото: EFA

Англия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясындағы соңғы жолдастық кездесуінде Коста-Риканы 3:0 есебімен жеңді.

Орландо қаласында өткен матчта есеп тоғызыншы минутта ашылды. Англиялық жартылай қорғаушы Деклан Райс сол сәтте мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймда ағылшындардың басымдығын Энтони Гордон еселей түсті. Ол 68-минутта пенальтиді сәтті орындады. Ал кездесудің соңғы нүктесін шабуылшы Олли Уоткинс қойып, 87-минутта матчтағы қорытынды есепті тіркеді.

Бұл кездесу Англия құрамасы үшін әлем чемпионаты алдындағы соңғы сынақ болды. Әлем біріншілігінің топтық кезеңінде ағылшындар Хорватия, Гана және Панама құрамаларына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Коста-Рика құрамасы 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама ала алмады.