Англия құрамасының қақпашысы «Кристал Пэлас» клубымен келісімшартын ұзартты

«Кристал Пэлас» К
«Кристал Пэлас» қақпашысы әрі капитаны Дин Хендерсон лондондық клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Келісім 2030 жылдың жазына дейін есептелген.
29 жастағы қақпашы 2023 жылдың жазында «Манчестер Юнайтедтен» «Кристал Пэласқа» ауысқан. Содан бері ол лондондық клуб сапында 119 матч өткізіп, 38 ойында қақпасына гол жібермеген.
«Мен өте қуаныштымын. Бұл үш жыл керемет өтті және келісімшартты ұзартқаныма өте қуаныштымын. Менің ең үздік жылдарым әлі алда және сол кезеңді «Кристал Пэласта» өткізетініме қуаныштымын», – деді Хендерсон.
Хендерсон 2025 жылы «Кристал Пэласқа» Англия кубогын жеңіп алуға көмектесті. Ол «Манчестер Ситиге» қарсы финалда Омар Мармуштың пенальтиін қайтарды. Кейін команда Англия Суперкубогын иеленсе, 2025/26 маусымында Конференциялар лигасының жеңімпазы атанды.
Еске салайық, Хендерсон футболдағы алғашқы дайындығын «Карлайл Юнайтед» пен «Манчестер Юнайтед» академияларында алған. Ал ересектер футболындағы дебютін 2016 жылы жалға алу негізінде «Стокпорт Каунти» сапында өткізді. Қақпашы «Манчестер Юнайтедтің» негізгі құрамында алғаш рет 2020 жылы ойнады.
Жазда Хендерсон Англия құрамасының әлем чемпионатына өтініміне енді және бір матчта алаңға шықты. Қақпашы үшінші орын үшін өткен Францияға қарсы кездесуде ойнады. Англия құрамасы 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Англия әлем чемпионаттарындағы 1966 жылдан бергі ең үздік нәтижесін көрсетті.