Анчелотти Неймардың қазіргі жағдайы жайында пікір білдіріді

Фото: Rafael Ribeiro / CBF
Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Жапонияға қарсы матч алдында Неймардың жағдайы туралы айтты.
Итальяндық маманның сөзінше, 34 жастағы шабуылшы жарақаттан кейін біртіндеп бабына келіп жатыр және Шотландияға қарсы матчқа қарағанда алаңда көбірек уақыт өткізуге дайын.
«Неймар айтарлықтай алға жылжыды. Соңғы бір аптада ол едәуір жақсарды деп ойлаймын. Өкінішке қарай, ол бізбен бірге болған уақытында толыққанды жаттыға алмады. Ол 15 минуттан артық ойнай алады. Қазір оның жағдайы жақсы. Бірақ бәрі матчтың қалай өтетініне және ойын барысына байланысты болады», – деді Анчелотти матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, Неймар топтық кезеңнің үшінші турында Шотландияға қарсы ойында (3:0) алаңға шығып, 14 минут ойнаған еді. Бұған дейін Бразилия құрамасы 7 ұпай жинап, C тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне өтті. Жапонияға қарсы 1/16 финал матчы 29 маусым күні Хьюстонда өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр, турнир 19 шілдеде аяқталады.