Бразилия – Жапония: 2026 жылғы ӘЧ тікелей трансляциясы

Фото: Rafael Ribeiro / CBF
Бразилия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші туры аясында Жапония командасына қарсы матч өткізеді.
1/16 финалдағы кездесу 29 маусым күні АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы «NRG» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де.
Қазақстандық жанкүйерлер матчты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ ойынның ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасынан live режимінде бақылауға болады.
Еске сала кетейік, Бразилия құрамасы жеті ұпаймен C тобында бірінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Ал Жапония бес ұпай жинап, F тобында екінші орынмен 1/16 финалға жолдама алды.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады. Турнир тарихында алғаш рет 48 құрама қатысуда.