«Андерлехт» бас бапкері «Қайратты» Еуропа лигасында жеңгеніне пікір білдірді

Бекарыс Әлімхан··
«Андерлехт» ФК

«Андерлехт» ФК

«Андерлехт» бас бапкері Витор Бруну Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы қарымта матчтың (3:0) қорытындысын шығарды.

Ойыннан кейін Бруну «Андерлехт» академиясының жұмысын ерекше атап өтті.

«Мен өте қуаныштымын, өйткені бүгін алаңда академиямыздан шыққан көптеген футболшы ойнады. Олардың барлығын атап немесе біреудің өнерін жеке бөліп көрсеткім келмейді. Ең алдымен, бұл менің еңбегім емес. Бұл жетістіктің барлық құрметі «Андерлехттің» жастар командаларында жұмыс істейтін бапкерлерге тиесілі.

Мен бұл футболшыларды сыйлық ретінде алаңға шығармаймын, олар бұған лайық болғандықтан ойнайды. Егер олардың көзқарасы дұрыс болса, алаңға шығады. Мен футболшыларды дайындықтың жоғары деңгейіне жеткен кезде қабылдап, жастар командаларында атқарылған жұмыстың жемісін көріп отырмын», – деп Брунуның сөзін Walfoot басылымы келтіреді.

Еске салайық, Алматыдағы алғашқы матч та «Андерлехттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталған. Бельгиялық клуб екі ойынның қорытындысы бойынша 6:0 есебімен басым түсіп, Еуропа лигасының жалпы кезеңіне өтті. Ал «Қайрат» маусымды Конференция лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.