«Андерлехт» – «Қайрат» матчының төрешісі тағайындалды
Бөлісу

Фото: UEFA via Getty Images
Норвегиялық төреші Эспен Эскос Еуропа лигасының іріктеу кезеңі плей-оффындағы «Андерлехт» пен «Қайрат» арасындағы қарымта кездесуді басқарады.
Бас төрешіге Ян-Эрик Энган мен Исаак Элиас Башевкин көмекшілік етеді. Төртінші төреші қызметін Сигурд Крингстад атқарады. VAR жүйесінде шотландиялық Эндрю Даллас пен Кевин Клэнси жұмыс істейді.
Осы жазда Эскос 2026 жылғы әлем чемпионатының екі кездесуіне төрелік етті. Ол Уругвай – Кабо-Верде (2:2) және Португалия – Хорватия (2:1) матчтарында бас төреші болды.
Еске салайық, қарымта ойын 27 тамызда Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:30-да басталады. Ал алғашқы матчта «Андерлехт» Алматыда 3:0 есебімен жеңіске жеткен.