Басты бет
·
Теннис

Анна Данилина Олимпиада чемпиондарымен кездесуден кейін Токио турнирінен шығып қалды

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады.

Жарыстың алғашқы кезеңінде Данилина мен оның қытайлық серіктесі Цзян Синьюй италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы ойнады. Алғашқы сетте қарсыластар тай-брейкте басым түссе, екінші партияда италиялық жұп сенімді жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 7:6 (9:7), 6:2.

Кездесу барысында қазақстандық-қытайлық жұп бір эйс жасап, екі рет қос қателік жіберді және үш брейк-пойнтты сәтті пайдаланды. Сонымен қатар олар өздерінің доп қабылдау емес, доп қосу кезіндегі геймдерін бес рет қарсыластарына беріп қойды.

Токио (Жапония). WTA 500. Жұптық разряд. Әйелдер. Бірінші айналым

Эррани/Паолини – Данилина/Цзян – 7:6 (9:7), 6:2.

Айта кетейік, Сара Эррани мен Жасмин Паолини 2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы әрі 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сынындағы жеңімпаздар.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да Токиодағы жарысты аяқтады. Ол ресейлік Людмила Самсоновамен жұптасып, алғашқы айналымда жеңіліп қалған еді.