Анна Данилина Қытайдағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды. Ол жұптық сында әлемдік рейтингтің үздік ондығына кіреді.
Данилина бұл жарыста қытайлық Цзян Синьюймен бірге өнер көрсетті. Қазақстандық-қытайлық жұп турнирде төртінші нөмірмен тіркелгенімен, алғашқы кездесуінде жеңіліске ұшырады.
Оларға америкалық Дезире Кравчик пен венгриялық Фанни Штоллар қарсы тұрды. Бірінші сетте қарсыластар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да Данилина мен Цзян жағдайды өзгерте алмады – 4:6.
Қытай, Нинбо. WTA 500. Жұптық разряд. 1/8 финал
Кравчик/Штоллар – Данилина/Цзян – 6:3, 6:4
Айта кетейік, биылғы маусымда Анна Данилина ірі халықаралық жетістікке қол жеткізді. Ақпан айында ол Қатар астанасында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің чемпионы атанды. Сол кезде қазақстандық теннисшінің серіктесі сербиялық Александра Крунич болды.
Қазіргі уақытта Данилина жұптық сындағы әлемдік рейтингте жетінші орында тұр.
Нинбодағы WTA 500 санатындағы турнир 19–25 қазан аралығында өтеді.