Анна Данилина Уханьдағы турнирдің ширек финалына ойынсыз өтті

Фото: Getty Images
Қазақстанның жұптық сында бірінші ракеткасы Анна Данилина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші Қытай өкілі Чжан Шуаймен бірге өнер көрсетіп жатыр. Олар жарыстың екінші нөмірлі жұбы ретінде алғашқы айналымды өткізбей, бірден 1/8 финалға жолдама алған.
Бұл кезеңде Данилина мен Чжан Шуай украиналық Ангелина Калинина және Даяна Ястремскаямен кездесуі керек еді. Алайда қарсыластары матчқа келмегендіктен, қазақстандық-қытайлық жұп келесі кезеңге ойынсыз өтті.
WTA 1000. Ухань (Қытай). Жұптық разряд. 1/8 финал
Анна Данилина (Қазақстан) / Чжан Шуай (Қытай) – Ангелина Калинина / Даяна Ястремская (Украина) – ойынсыз жеңіс.
Осылайша, Данилина мен оның жұбы турнирдің үздік сегіз жұбының қатарына қосылды. Енді олар жартылай финалға шығу үшін бақ сынайды.