Анна Данилинаны жарыстан шығарған теннисшілер Бейжіңдегі турнирдің финалына өте алмады

Фото: Olympic.kz
Бұған дейін қазақстандық теннисші Анна Данилинаны жарыстан шығарған Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлифф пен индонезиялық Алдила Сутджиади Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліп қалды.
10 қазанда China Open турнирінің жұптық сынының жартылай финалында чехиялық Катержина Синякова мен қытайлық Чжан Шуай Эрин Рутлифф пен Алдила Сутджиадиге қарсы ойнады.
Кездесу Синякова мен Чжан Шуайдың 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Матч 1 сағат 15 минутқа созылды.
Жеңімпаздар допты ойынға қосу кезінде қарсыластарынан басым түсті. Олар бірінші доптан 81% ұпай жинаса, Рутлифф пен Сутджиади бұл көрсеткіш бойынша 66%-ға қол жеткізді.
Сонымен қатар чехиялық-қытайлық жұп тоғыз брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланып, өз доп беруіндегі төрт брейк-пойнттың барлығын қайтарды.
