Анри Францияның Испаниядан неге жеңілгенін түсіндірді

Фото: Getty Images
Франция футболының аңызы Тьерри Анри 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасының Испаниядан жеңілуіне қатысты пікір білдіріп, испандықтардың финалға лайықты шыққанын айтты.
Анридің сөзінше, Испания құрамасы матч барысын толық бақылауда ұстап, француздарға өз ойынын жүргізуге мүмкіндік бермеген.
«Испания Еуропа чемпионы екенін тағы бір дәлелдеді. Олар доппен де, допсыз да ойынды толық бақылап отырды. Бүгін олар бізден мықты болды, бұған қарсы уәж айту қиын. Енді осындай командаға қарсы қалай ойнау керегін ойлауымыз керек», — деді Анри.
Сондай-ақ, бұрынғы шабуылшы Микель Оярсабаль мен Марк Кукурельяның ойынын ерекше атап өтті.
«Оярсабаль көп жағдайда лайықты бағасын ала бермейді, себебі ол аса танымал клубта ойнамайды. Бірақ осы матчтан кейін оған деген көзқарас өзгереді деп ойлаймын. Ал Кукурелья керемет ойын көрсетті. Ерте алған сары қағазына қарамастан, ол көптеген жекпе-жекте жеңіске жетіп, Олисе мен Дембелеге қауіпті сәттер жасауға мүмкіндік бермеді», — деп қосты ол.
Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испания Францияны 2:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Енді Луис де ла Фуэнте шәкірттері финалда Англия мен Аргентина арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.