Басты бет
·
Хоккей

«Ақ Барс» – «Барыс»: ҚХЛ матчын қайдан көруге болады?

Али Асетов··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Астаналық «Барыс» 30 қыркүйекте ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді.

Қазақстандық команда Қазан қаласында жергілікті «Ақ Барс» клубымен кездеседі.

Ойын Қазан командасының мұз айдынында өтіп, Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы көрсетеді.

Командалардың өзара ойыны алдында «Барыстың» қоржынында 10 ұпай бар. Ал Қазан клубы 13 ұпай жинаған. Бұл ретте «Ақ Барс» астаналық командадан бір ойын артық өткізді.

«Барыс» сырт алаңдағы матчқа қатарынан екі жеңілістен кейін келеді. Қазақстандық клуб екі ойында да үш шайбадан соққанымен, бұл ұпай жинауға жеткіліксіз болды. Нижнекамскілік «Нефтехимик» 6:3 есебімен жеңсе, Санкт-Петербургтік СКА 5:3 есебімен басым түсті.

Қазандықтар соңғы кездесулерін сырт алаңда өткізді. Новосібірде «Ақ Барс» «Сибирьді» буллиттер сериясында 3:2 есебімен жеңсе, кейін Магнитогорскінің «Металлургінен» 1:2 есебімен ұтылды.

Айта кетейік, астаналық команда «Ақ Барсты» 13 матч қатарынан жеңе алмай келеді. «Барыстың» бұл қарсыласына қарсы соңғы жеңісі 2022 жылдың желтоқсанында тіркелген.