Басты бет
·
АО-2026

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында допты хоккейден тоғызыншы орын үшін ойнайды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Сали Сабиров

Фото: Сали Сабиров

Қазақстан әйелдер құрамасы Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы допты хоккей турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

9-12-орындар үшін өткен матчта Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен кездесті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстандық хоккейшілер 4:2 есебімен басым түсіп, жалпы есепте тоғызыншы орын үшін ойнауға мүмкіндік алды.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы бір ұпай жинап, Бангладешпен (3:3) тең түсті. Бұған дейін команда Малайзиядан (0:5), Оңтүстік Кореядан (0:7) және Қытай Тайбэйінен (1:4) жеңілген.

2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.