Басты бет
·
АО-2026

Ақмолда Азия ойындарындағы жарысты жетінші орынмен аяқтады

Али Асетов··
Фото: Арлан Олжабай

Фото: Арлан Олжабай

Қазақстандық ауыр атлет Сайрамкез Ақмолда Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жүлдеге таласа алмады.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы жетінші нәтиже көрсетті.

Ақмолда жұлқа көтеруде 130 келі салмақтағы зілтемірді сәтті көтерді. Одан кейін 135 келіні екі рет көтеруге талпынғанымен, екі мүмкіндігі де сәтсіз аяқталды.

Серпе көтеруде де жағдай өзгермеді. Ақмолда мәлімделген 173, 174 және 180 келі салмақтарды үш рет көтеруге тырысқанымен, бірде-бір мүмкіндігі есепке алынбады.

Осылайша қазақстандық ауыр атлет жарыстың қорытынды хаттамасында жетінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұл Сайрамкез Ақмолданың мансабындағы алғашқы Азия ойындары.