Басты бет
·
АО-2026

Проходов Азия ойындарының финалында екі дүркін Олимпиада чемпионына есе жіберді

Али Асетов··
Фото: Владислав Семенов

Фото: Владислав Семенов

Қазақстандық спортшы Кирилл Проходов XX жазғы Азия ойындарындағы өнерін күміс медальмен аяқтады.

Семсерлесуден жекелей сында алтын медаль үшін өткен финалда Проходов Жапония өкілі Коки Каномен кездесті. Тартысты өткен бәсекеде жарыс қожайыны 15:13 есебімен жеңіске жетті.

Кано үшін бұл жеңіс мансабындағы кезекті жетістік болды. Жапониялық семсерлесуші екі дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ ол Азия ойындарында үш рет алтын медаль жеңіп алған.

Кирилл Проходов жарыс қорытындысы бойынша екінші орын алып, Қазақстан құрамасына күміс жүлде сыйлады.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына тағы бір медальді Артем Саркисян салды. Ол семсерлесуден сабля бойынша жарыста жүлдеге ілігіп, қола медаль иеленді.

Осылайша, Қазақстанның семсерлесушілері 2026 жылғы Азия ойындарында әзірге екі медаль жеңіп алды: Кирилл Проходовтың семсерлесуден күмісі және Артем Саркисянның саблядан қоласы.