Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатында өзбек боксшысын жеңді

Аружан Талгат··
Фото: boxingkazakhstan

Фото: boxingkazakhstan

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Ақжүрек Қалабай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында сәтті өнер көрсетті.

U-19 жас санатындағы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Иброхим Шокиржоновпен кездесті. Бірінші раунд қарсыластың пайдасына шешілгенімен, кейін Қалабай жекпе-жек барысын өз қолына алып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) сенімді жеңіске жетті.

Осы жеңісінің арқасында қазақстандық боксшы құрлық біріншілігінің ширек финалына шығып, жүлде үшін күресін жалғастыруда.

Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатында өзбек боксшысын жеңді – sport-hub