Басты бет
·
Бокс

Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Ақжүрек Қалабай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Ақжүрек Қалабай оңтүстіккореялық Дэхо Канмен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (3:2) жеңіс кореялық боксшыға берілді.

Айта кетейік, Ақжүрек Қалабай биыл наурыз айында Черногорияда өткен халықаралық «Әлем кубогы» турнирінің жеңімпазы атанған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын, бес күміс және үш қола медаль бар. 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты 16 шілдеде мәресіне жетеді.

Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды – sport-hub