Аргентина 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Исландияны ойсырата жеңді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: AFA

Фото: AFA

Қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты алдындағы соңғы жолдастық кездесуінде Исландияны 3:0 есебімен жеңді.

Кездесудегі есепті сегізінші минутта жартылай қорғаушы Валентин Барко ашты. Екінші таймда оңтүстікамерикалықтардың басымдығын Лионель Месси арттырды. Аргентина капитаны 72-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Матч нүктесін Тьяго Альмада қойды.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Топтық кезеңде Аргентина құрамасы Алжир, Аустрия және Иордания құрамаларымен кездеседі.