Сомалилік төреші 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыса алмауының себебін түсіндірді

Фото: Getty Images
Сомалилік төреші Омар Абдулкадир Артан АҚШ-қа кіруге рұқсат берілмегендіктен 2026 жылғы әлем чемпионатының матчтарына қызмет көрсете алмайтынын мәлімдеді.
Оқиға Майами халықаралық әуежайында болған. Төреші АҚШ-қа дипломатиялық төлқұжатпен келгенін және елге кіру үшін қажетті барлық құжаттарының болғанын айтты.
«Меніңше, мәселе менің еліммен байланысты сияқты. Қолымда барлық қажетті құжат болды. Визам да дұрыс рәсімделген еді. Өте қатты көңілім қалды. Мен тек өмірімдегі ең үлкен арманымды – әлем чемпионатында төрешілік етуді жүзеге асырғым келген қарапайым төрешімін», – деп жазды Артан New York Times басылымына берген сұхбатында.
Омар Абдулкадир Артан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тағайындалған алғашқы сомалилік төреші ретінде тарихқа енді. 2025 жылы Африка футбол конфедерациясы оны құрлықтың үздік төрешісі деп таныған.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 12 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Турнир тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне 48 ұлттық құрама қатысады.