Килиан Мбаппе Франция құрамасының 2026 ӘЧ-дағы басты мақсатын атады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: UEFA Фото: UEFA

Фото: UEFA Фото: UEFA

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе команда 2026 жылғы әлем чемпионатында тек чемпиондық атақ үшін күресетінін мәлімдеді.

«Біздің мақсатымыз – әлем чемпионатын жеңу. Жартылай финалға шығуды мақсат етуге болатынын түсінбеймін. Егер мақсат жартылай финалға жету болса, онда сол кезеңге шыққан бойда жарысты аяқтап, үйге қайтуымыз керек пе? Әрине, жоқ!

Мақсат – әлем чемпионатында жеңіске жету. Бұл – барлық футболшының арманы. Турнирге қатысатын әрбір команда чемпион болуды қалайды. Егер Франция жартылай финалға шықса, біз мақсатымыз орындалды деп айтпаймыз», – деді Мбаппе Actu Foot басылымына берген сұхбатында.

2026 жылғы Әлем Чемпионатының топтық кезеңінде Франция құрамасы Сенегал, Ирак және Норвегия құрамаларымен кездеседі.

Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Килиан Мбаппе Франция құрамасының 2026 ӘЧ-дағы басты мақсатын атады – sport-hub