Аргентина құрамасының қақпашысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

«Марсель» ФК
«Марсель» клубының және Аргентина құрамасының қақпашысы Херонимо Рульи мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыруы мүмкін. Ағылшын клубы 34 жастағы футболшыны екінші қақпашы рөліне қарастырып отыр.
Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Сити» Рульиге Джеймс Траффордтың ықтимал кетуіне байланысты қызығушылық танытуда. Ағылшын қақпашысы 47 миллион еуроға «Лидске» ауысуға жақын.
Траффорд кеткен жағдайда «Сити» Джанлуиджи Доннаруммаға бәсекелес болатын жаңа қақпашы шақыруды жоспарлап отыр. Негізгі үміткерлердің бірі – Рульи. «Марсель» ағылшын клубының қызығушылығы туралы хабардар, ал аргентиналық қақпашы трансферді қарастыруға дайын.
Айта кетейік, Рульи бұған дейін «Манчестер Ситиге» тиесілі болған. 2016 жылы ағылшын клубы оны сатып алғанымен, қақпашы команда сапында бірде-бір ресми матч өткізбеген. Кейін ол «Реал Сосьедад», «Монпелье», «Вильярреал», «Аякс» және «Марсель» клубтарында өнер көрсетті.
Аргентина құрамасы сапында Рульи сегіз матч өткізді. 2026 жылғы әлем чемпионатында ол ұлттық командамен бірге финалға дейін жетті. Өткен маусымда «Марсель» үшін 39 ойын өткізіп, тоғыз матчта қақпасын «құрғақ» сақтады.