Арина Соболенко Торонто қаласындағы турнирдің төртінші айналымына шықты

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 турниріндегі өнерін жалғастыруда. Беларусь теннисшісі Қытай өкілі Чжан Шуайды жеңіп, жарыстың төртінші айналымына жолдама алды.

Үшінші айналымдағы кездесу Соболенконың екі сеттегі жеңісімен аяқталды – 6:3, 6:4. Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Ойын барысында беларусь спортшысы 5 эйс жасап, 4 қос қате жіберді және үш брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Турнирдің келесі кезеңінде Соболенко ресейлік Екатерина Александровамен кездеседі.

Торонто қаласындағы WTA-1000 санатындағы жарыс 2–13 тамыз аралығында өтуде. Турнирдің қазіргі чемпионы – канадалық Виктория Мбоко. Ол өткен жылғы финалда жапониялық Наоми Осаканы жеңген болатын.