Армения – Қазақстан жолдастық матчының төрешілері белгілі болды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Goalcom.cy

Фото: Goalcom.cy

Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық кездесуге Кипрден келген төрешілер бригадасы қызмет көрсетеді.

Матчтың бас төрешісі болып Кириакос Атанасиу тағайындалды. Оған алаң жиегіндегі төрешілер Мариос Калогиру мен Кириакос Сократус көмектеседі. Төртінші төреші міндетін армениялық Юра Махтесян атқарады.

Армения мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 6 маусым күні Еревандағы Вазген Саркисян атындағы Республикалық стадионда өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Армения – Қазақстан жолдастық матчының төрешілері белгілі болды – sport-hub