Арне Слот Нидерланд құрамасының бас бапкері болуы мүмкін

Фото: «Ливерпуль» ФК
Бұған дейін «Ливерпульді» жаттықтырған Арне Слот Роналд Куман қызметінен кеткеннен кейін Нидерланд құрамасының жаңа бас бапкері атануы мүмкін.
NOS мәліметінше, 47 жастағы маман ұлттық құраманың бос тұрған бапкерлік қызметіне басты үміткерлердің бірі саналады.
Слоттың соңғы жұмыс орны «Ливерпуль» болды. Ол ағылшын клубымен 2024/25 жылғы маусымда Англия Премьер-лигасының чемпионы атанды. Бұған дейін нидерландтық маман «Фейеноордты» жаттықтырған.
Еске салайық, 63 жастағы Роналд Куман Мароккодан жеңілгеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында Нидерланд құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Әлем чемпионатының 1/16 финалында негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталғанымен, пенальти сериясында Марокко 3:2 есебімен жеңіске жетті.