«Арсенал» «Бёрнлиді» жеңіп, «Манчестер Ситиден» бес ұпайға озып кетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Getty Images

Фото: Getty Images

«Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасының 37-туры аясында «Бёрнлиді» 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестедегі көшбасшылығын нығайта түсті.

Матчтағы жалғыз голды 37-минутта Кай Хаверц соқты. Осы жеңістен кейін лондондық клуб 82 ұпай жинап, Англия чемпионатында бірінші орындаы сақтап тұр.

21 ұпайы бар «Бёрнли» 19-орында қалып, Премьер-лигада қалу мүмкіндігінен мерзімінен бұрын айырылды.

«Манчестер Ситиден» арадағы айырмашылық бес ұпайды құраса да, Хосеп Гвардиола командасының қосымша бір ойыны бар. 19 мамыр күні «қалалықтар» сырт алаңда «Борнмутпен» кездеседі. Егер «Манчестер Сити» жеңілер болса, «Арсенал» мерзімінен ерте АПЛ чемпионы атануы мүмкін.

«Арсенал» «Бёрнлиді» жеңіп, «Манчестер Ситиден» бес ұпайға озып кетті – sport-hub