Эльдор Шомуродов Түркия суперлигасының үздік сұрмергені атанды

Фото: Getty Images
«Ыстанбұл Башакшехир» шабуылшысы Эльдор Шомуродов маусым қорытындысы бойынша Түркия чемпионатының үздік бамбордирі атанды. Өзбекстандық футболшы біріншілік аясында 22 гол соқты.
Шомуродов сұрмергендер тізіміндегі бірінші орынды «Трабзонспор» шабуылшысы Пол Онуачумен бөлісті. Ол да 22 рет мергендік танытты.
Алайда Шомуродов бес нәтижелі пас берсе, оның бәсекелісінің еншісінде екі ассист қана бар. Сұрмергендер бәйгесінде үшінші орынды «Фенербахче» жартылай қорғаушысы Андерсон Талиска иеленді. Бразилиялық футболшы маусымда 19 гол соқты.
Шомуродов «Ыстанбұл Башакшехирге» маусым басталар алдын италиялық «Ромадан» жалға алу келісімі бойынша ауысқан. Чемпионат соңында оның командасы 57 ұпай жинап, турнирлік кестеде бесінші орын алды.
Түркия чемпионы атағына төртінші жыл қатарынан — «Галатасарай» ие болды. Екінші орында «Фенербахче» болса, ал жүлделі үштікті «Трабзонспор» түйіндеді.