«Арсенал» «Ньюкасл» клубының көшбасшысы бойынша жаңа ұсыныс дайындап жатыр

Бегасыл Амирбай ··
Фото: «Ньюкасл» ФК

Фото: «Ньюкасл» ФК

«Арсенал» «Ньюкаслдың» жартылай қорғаушысы Бруну Гимарайнсты трансферлеу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Алғашқы ұсыныс қабылданбағаннан кейін, лондондық клуб жаңа оффер дайындауда.

Келесі маусымда «Ньюкасл» еурокубоктарда ойнамайтынына қарамастан, клуб басшылығы негізгі ойыншылардың бірімен қоштасуды жоспарлап отырған жоқ. Goal басылымының мәліметінше, «Арсеналдың» 55 миллион еуро көлеміндегі алғашқы ұсынысы «сауысқандарды» қанағаттандырмаған.

Қазіргі уақытта Гимарайнс 2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасының сапында жүр. Жартылай қорғаушы топтық кезеңде Марокко және Шотландияға қарсы матчтарда үш нәтижелі пас берді. 1/16 финалда бразилиялықтар Жапония құрамасымен кездеседі.

Еске салайық, өткен маусымда Гимарайнс «Ньюкасл» сапында барлық турнирде 41 матч өткізіп, тоғыз гол соғып, сегіз нәтижелі пас берген.