Артюр Фис мансабында алғаш рет Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінде жеңіске жетті

Фото: x_@atptour
Әлемнің 21-ракеткасы Артюр Фис АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен «Мастерс» турнирінің жеңімпазы атанды. Франциялық теннисші финалда америкалық Фрэнсис Тиафоны (ATP рейтингінде 23-орын) жеңді.
Шешуші матч 1 сағат 28 минутқа созылып, Фистің үш сеттегі жеңісімен аяқталды — 6:3, 1:6, 6:0. Екінші партияда жеңіліп қалған француз теннисші соңғы сетте ойынды толық бақылауына алып, қарсыласына бірде-бір гейм бермеді.
Фис 11 эйс жасап, бір рет қосарланған қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Тиафо төрт эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді және алты брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.
22 жастағы Фис үшін бұл ATP 1000 санатындағы турнирлердегі мансабындағы алғашқы чемпиондық атақ болды. Сонымен қатар француз теннисшісі 2014 жылдан бері «Мастерс» турнирінде жеңіске жеткен өз елінің алғашқы өкілі атанды.
Еске салайық, Фис пен Тиафо бұған дейін бір рет кездескен. Олардың алғашқы матчы 2025 жылғы Майами «Мастерсінің» үшінші айналымында өтіп, онда да француз теннисші жеңіске жеткен еді.
Цинциннатидегі жеңісі үшін Артюр Фис 1000 рейтинг ұпайы мен 1 151 380 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде алды.