«Астана» – «Динамо Сити»: Конференция лигасы матчының тікелей трансляциясы

«Астана» ФК
Елордалық «Астана» мен албаниялық «Динамо Сити» УЕФА Конференциялар лигасы бірінші іріктеу кезеңінің қарымта матчын өткізеді.
Кездесу 16 шілде күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы жергілікті уақытпен сағат 20:00-де.
Қазақстандық жанкүйерлер ойынды «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матчтың ең жарқын сәттерін Sport-hub.kz Telegram-арнасындағы live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, алғашқы кездесуде «Астана» «Динамо Ситиді» 1:0 есебімен жеңген еді. Елордалық клубтың жеңіс голын шабуылшы Рамазан Кәрімов соқты.
Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Еуропа лигасындағы «Шериф» (Молдова) – «Алюминий» (Словения) жұбының жеңілген командасымен кездеседі.