«Астана» – «Динамо Сити» матчының тікелей трансляциясы

Фото: «Астана» ФК
Елордалық «Астана» УЕФА Конференция лигасы іріктеу кезеңінің бірінші айналымындағы алғашқы матчын Албанияның «Динамо Сити» клубына қарсы өткізеді.
Алғашқы кездесу 9 шілдеден 10 шілдеге қараған түні Албанияның Эльбасан қаласындағы «Эльбасан Арена» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Қазақстандық жанкүйерлер кездесуді «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ матчтың ең қызықты сәттерін Sport-hub.kz сайтының Telegram арнасындағы live режимінде бақылауға болады.
Еске салайық, өткен маусымда «Астана» Қазақстан Премьер-лигасында екінші орын алып, УЕФА Конференция лигасына жолдама жеңіп алған болатын. Айта кетейік, елордалық клуб аталған турнирдің жалпы кезеңінде екі рет өнер көрсеткен.
УЕФА Конференция лигасының 2026/27 жылғы маусымының іріктеу ойындары 7 шілде мен 27 тамыз аралығында өтеді. Ал турнирдің жалпы кезеңі 15 қазан мен 17 желтоқсан аралығына жоспарланған.