Басты бет
·
Қысқы ойындар

Астанада конькимен жүгіруден іріктеу чемпионаты өтеді

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

13-15 қазан аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында жекелеген қашықтықтар бойынша конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты өтеді.

Жарыс ISU әлем кубогінің алдағы кезеңдеріне қатысатын Қазақстанның ересектер және жасөспірімдер құрамаларын жасақтау үшін іріктеу кезеңі саналады. Жарысқа Олимпиада ойындарына қатысқан Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева қатысады деп күтілуде. Төртеуі де 2026 жылы Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсетті.

Сондай-ақ осы маусымнан бастап ересектер санатына өткен Кристина Шумекова да мұз айдынына шығады. Қазақстандық спортшы 2026 жылы Инцелльде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарда, сондай-ақ шағын көпсайыс пен командалық спринтте бес алтын медаль жеңіп алды. Бұдан бөлек, 3000 метрде екінші орын иеленді.

2026/27 жылғы ересектер арасындағы әлем кубогінің алғашқы кезеңі 13-15 қарашада Бейжіңде өтеді. Екінші кезең 20-22 қарашада Жапонияның Обихиро қаласында ұйымдастырылады. Ал жасөспірімдер арасындағы серия 28-29 қарашада Квебек қаласында басталады.