Астанада Мұңайтпасов атындағы стадионның құрылысы аяқталды

Фото: Астана әкімдігі
Астанада Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионының құрылысы толық аяқталды. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Спорт кешенінің жалпы аумағы 18 951 шаршы метрді құрайды. Стадион UEFA-ның төртінші санатына сәйкес келеді және 3600 көрерменге арналған. Арена жасанды жабынмен және UEFA мен Қазақстан футбол федерациясының талаптарына сай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Стадион аумағында көрермен трибуналары, киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық кабинеттер, конференц-зал, әкімшілік блок және техникалық нысандар орналасқан. Қазіргі уақытта нысанды пайдалануға беру бойынша заңдық және ұйымдастырушылық рәсімдер жалғасып жатыр.
Алдағы уақытта стадион Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервті даярлауға маманданған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беріледі.
Аренаның ресми ашылуы 4-маусымға жоспарланған. Осы күні стадионда 2013 жылы туған жасөспірім командалар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады.