Астанада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді
Бөлісу

ҚТФ
20-25 шілде аралығында Астанадағы Beeline Arena теннис орталығында ересектер арасында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтеді.
Алты күн бойы елдің үздік теннисшілері жекелей сында Қазақстан чемпиондарын анықтайды.
Қазіргі ел чемпионы Әмір Омарханов, ол өз титулын қорғауы тиіс. Сонымен қатар ерлер арасындағы турнирде Григорий Ломакин, Арсений Требухин, Даниэль Юрекли және ұлттық құраманың басқа да өкілдері өнер көрсетеді.
Әйелдер турнирінде чемпиондық атақ үшін Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Інкәр Дүйсебай, Сандуғаш Кенжибаева, Альбина Какенова және Қазақстанды халықаралық жарыстарда танытып жүрген басқа да теннисшілер бақ сынайды.