«Астон Вилла» «Барселона» жартылай қорғаушысына ұсыныс дайындауда
Бөлісу

Фото: FCF
«Астон Вилла» «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы Марк Берналды қатарға қосуды көздеп отыр.
The Sun басылымының мәліметінше, бирмингемдік клубтың бас бапкері Унаи Эмери 19 жастағы «Ла Масия» түлегін жартылай қорғауды күшейтудегі басты нысана ретінде қарастыруда.
Хабарларға қарағанда, «Астон Вилла» 35 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс әзірлеп жатыр. Ал каталондық клубтың бас бапкері Ханс-Дитер Флик Берналдың әлеуетін жоғары бағалап, бұған дейін онымен келісімшартты 2029 жылға дейін ұзартқан.
Өткен маусымда Марк Бернал барлық турнирде 33 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Сондай-ақ «Барселона» сапында Испания чемпионы атанды.