«Астон Вилла» мен «Ньюкасл» Швейцария құрамасының көшбасшысы үшін таласуда Бегасыл Әмірбай

Бегасыл Амирбай ··
Фото: SFV

Фото: SFV

«Фрайбург» клубының және Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Йоан Манзамби мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Ойыншыға «Астон Вилла» мен «Ньюкасл» қызығушылық танытып отыр.

«Фрайбург» клубының және Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Йоан Манзамби мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. Ойыншыға «Астон Вилла» мен «Ньюкасл» қызығушылық танытып отыр.

Фабрицио Романоның мәліметінше, «Ньюкасл» неміс клубымен трансфер шарттарын келісіп қойған. Алайда футболшы үшін күреске «Астон Вилла» да қосылды. Манзамбидің өзі Бирмингем клубына ауысуды жөн көреді.

Бонустарды қоса есептегендегі келісімнің жалпы құны шамамен 70 миллион еуроны құрауы мүмкін. Егер трансфер жүзеге асса, бұл «Фрайбург» тарихындағы ең қымбат сатылым болмақ.

2026 жылғы әлем чемпионатында 20 жастағы Манзамби Швейцария құрамасының үздік сұрмергені атанды: ол төрт матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Жарақатына байланысты жартылай қорғаушы Колумбияға қарсы (0:0, пенальти сериясында 4:3) және Аргентинаға қарсы (1:3) ойындарды өткізіп алды.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.