Швейцария Алжирді жеңіп, 1/8 финалға шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ФИФА

Фото: ФИФА

Швейцария құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжирді 2:0 есебімен жеңді.

Ойын Канаданың Ванкувер қаласындағы «Би-Си Плейс» стадионында өтті. Есепті 10-минутта шабуылшы Брель Эмболо ашты, оған нәтижелі пасты жартылай қорғаушы Йохан Манзамби берді. Екінші таймның 46-минутында Дан Ндойе допты қайта серпілгеннен кейін қабылдап, қақпаның сол жақ бұрышына дәл соққы жасап, қорытынды есепті белгіледі.

Топтық кезеңде Швейцария жеті ұпай жинап, B тобында бірінші орын алған еді. Алжир төрт ұпаймен J тобында үшінші орынға тұрақтап, плей-офф кезеңіне шықты. Келесі кезеңде швейцариялықтар Колумбия – Гана жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.

Швейцария Алжирді жеңіп, 1/8 финалға шықты – sport-hub