Швейцария құрамасы әлем чемпионаттарында жаңа рекорд орнатты
Бөлісу

Фото: ФИФА
Швейцария құрамасы футболдан әлем чемпионаттарында жаңа командалық рекорд орнатты.
2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Алжирге қарсы матчта шабуылшы Брель Эмболо 10-минутта Йохан Манзамбидің пасынан кейін есеп ашты. Қазіргі сәтте ойын есебі – 2:0.
Opta мәліметіне сәйкес, бұл кездесу швейцариялықтардың әлем чемпионатындағы қатарынан төртінші матчында алғаш болып гол соғуы болды. Бұған дейін Швейцария мұндай серияға қол жеткізбеген еді.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Швейцария 7 ұпай жинап, B тобында бірінші орын алды. Ал Алжир құрамасы 4 ұпаймен J тобында үшінші болып, плей-офф кезеңіне шықты.
2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр және 19 шілдеде аяқталады.