«Астон Вилла» ПСЖ-ның 18 жастағы ойыншысына қызығушылық танытып отыр

Бегасыл Амирбай ··
ПСЖ

ПСЖ

Англияның «Астон Вилла» клубы ПСЖ шабуылшысы Ибрагима Мбайені негізгі трансферлік мақсаттарының бірі ретінде қарастыруда.

The Athletic басылымының мәліметінше, «Бирмингем» клубы шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты 18 жастағы сенегалдық вингер басты үміткерлердің қатарында. «Челсиден» Алехандро Гарначо жалға алынғанына қарамастан, клуб басшылығы аргентиналық футболшыны Морган Роджерстің толыққанды орнын басатын ойыншы деп есептемейді.

Жазғы трансферлік кезеңде «Астон Вилла» бірнеше негізгі ойыншысынан айырылды. Морган Роджерс Ұлыбритания футболы тарихындағы рекордтық сома 138 миллион еуроға «Челсиге» ауысса, Юри Тилеманс 41 миллион еуроға «Манчестер Юнайтедтің» ойыншысы атанды. Ал клуб өз қатарына «Фрайбургтен» Йохан Манзамбиді 60 миллион еуроға және «Вулверхэмптоннан» Жоау Гомешті 40 миллион еуроға қосты.

Өткен маусымда Ибрагима Мбайе ПСЖ сапында барлық турнирде 30 матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, командасымен бірге Франция чемпионаты мен УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Ал 2026 жылғы әлем чемпионатында Сенегал құрамасының барлық төрт кездесуіне қатысып, Франция қақпасына бір гол соқты (1:3).