«Арсенал» «Астон Вилланың» көшбасшысын қатарға қосуға жақын
Бөлісу

Фото: Getty Images
Лондондық «Арсенал» клубы «Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерсті өз сапына қосуға жақын.
TalkSPORT мәліметінше, тараптар Англия құрамасының 23 жастағы футболшысының трансферіне қатысты алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерген. Трансфер құны шамамен 93 миллион еуроны құрауы мүмкін.
Морган Роджерс «Астон Вилла» сапында 2024 жылдың ақпан айынан бері өнер көрсетіп келеді. Оның Бирмингем клубымен жасалған қазіргі келісімшарты 2031 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Өткен маусымда жартылай қорғаушы барлық турнирде 55 матч өткізіп, 14 гол соқты және 12 нәтижелі пас берді.