Йошко Гвардиол «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

Фото: Getty Images
«Манчестер Сити» клубының қорғаушысы Йошко Гвардиол ағылшын командасынан кету мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Экрем Конурдың хабарлауынша, хорватиялық футболшыға басты үміткер — мюнхендік «Бавария». Сонымен қатар 24 жастағы қорғаушыға мадридтік «Реал», «Барселона» және миландық «Интер» де қызығушылық танытып отыр.
Айта кетейік, ойыншы трансфері жүзеге асқан жағдайда «Манчестер Сити» 70-75 миллион еуро көлемінде табыс табуы мүмкін. Гвардиолдың ағылшын клубымен келісімшарты 2028 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген.
Хорватиялық қорғаушы «Манчестер Сити» сапында 122 матч өткізіп, 13 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. «Қалалықтармен» бірге Йошко Гвардиол АПЛ чемпионы атанып, Англия Суперкубогын, Англия лигасы кубогын және УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.