Роберт Левандовски «Миланға» ауысуы мүмкін

Фото: Getty Images
Польшалық шабуылшы Роберт Левандовски «Барселонадан» кеткеннен кейін мансабын жалғастырудың басқа нұсқаларын қарастырып жатыр.
Fichajes басылымының мәліметінше, 37 жастағы форвардқа басты үміткер — италиялық «Милан». А Сериясы клубы футболшының өкілдерімен келіссөз жүргізіп, оны трансфер жасауға көндіруге тырысуда.
Сонымен қатар Левандовскиге Сауд Арабиясының клубтары да қызығушылық танытып отыр. Таяу Шығыс чемпионатының командалары поляк шабуылшысына мансабындағы ең ірі келісімшарттардың бірін ұсынуға дайын екені хабарланды.
Роберт Левандовски «Барселона» сапында жалпы 193 матч өткізіп, 120 гол соқты және 24 нәтижелі пас берді. Каталониялық клубпен бірге поляк футболшысы үш рет Ла Лига чемпионы атанып, Испания кубогы мен үш мәрте Испания Суперкубогын жеңіп алды.