Маурисио Почеттино әлем чемпионатынан кейін «Миланды» жаттықтыруы мүмкін

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Darren Walsh

Фото: Darren Walsh

АҚШ құрамасының бас бапкері Маурисио Почеттино мансабын италиялық «Миланда» жалғастыруы ықтимал.

Журналист Николо Скираның мәліметінше, аргентиналық маманның қызметі «россонериге» арадағы делдалдар арқылы ұсынылған. Көпшілік күткендей, Почеттино 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін АҚШ құрамасындағы қызметінен кетуі мүмкін.

Қазіргі таңда «Милан» клубы Массимилиано Аллегримен қоштасқаннан кейін жаңа бас бапкер іздестіріп жатыр. Өткен маусымның қорытындысы бойынша миландық клуб А Сериясының турнир кестесінде бесінші орын алды.

Маурисио Почеттино АҚШ құрамасын 2024 жылдың қыркүйегінен бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін аргентиналық маман «Челси», «ПСЖ», «Тоттенхэм», «Саутгемптон» және «Эспаньол» клубтарында жұмыс істеген.

2026 жылғы әлем чемпионатында АҚШ құрамасы Парагвай, Аустралия және Түркиямен бір топта ойнайды. Турнир 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексика елдерінде өтеді.