«Астон Вилла» «Ювентустің» канадалық шабуылшысына қызығушылық танытты

Бекарыс Әлімхан··
«Ювентус» ФК

«Ювентус» ФК

«Ювентус» шабуылшысы Джонатан Дэвид мансабын Англия Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін. «Астон Вилла» канадалық футболшыны трансфер арқылы өз қатарына қосуға мүдделі.

Sport Mediaset мәліметінше, Дэвидті сату туриндік клубқа шабуыл шебін одан әрі күшейту үшін қосымша қаражат алуға мүмкіндік береді. Алайда «Астон Вилла» шабуылшыға қызығушылық танытып отырған жалғыз клуб емес. Соңғы күндері Дэвидке Париждің ПСЖ клубы да көз тігіп отырғаны айтылды.

Дэвид 2025 жылдың жазында «Лилльден» «Ювентусқа» еркін агент ретінде ауысқан. Оның итальяндық клубпен келісімшарты 2030 жылдың жазына дейін есептелген. Өткен маусымда шабуылшы «Ювентус» сапында барлық турнирде 46 матч өткізіп, сегіз гол соғып, бес нәтижелі пас берген.