«Бешикташ» «Ювентус» шабуылшысын қатарға қосуға жақын

«Ювентус» ФК
Сербия құрамасының шабуылшысы Душан Влахович мансабын Түркия чемпионатында жалғастыруы мүмкін. «Бешикташ» форвардпен келісімшартқа отыру бойынша келіссөз жүргізіп жатыр.
Журналист Николо Скираның мәліметінше, «Бешикташ» Влаховичке 2029 жылға дейін келісімшарт ұсынып, маусымына 8 миллион еуро жалақы төлеуге дайын. Ықтимал трансферде Стамбұл командасының бас бапкері Винченцо Итальяно маңызды рөл атқарып отыр. Бұған дейін сербиялық футболшы Сауд Арабиясынан түскен ұсынысты қабылдамаған.
Өткен маусымда Душан барлық турнирде 23 матч өткізіп, 10 гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Футболшының нарықтағы құны 35 миллион еуроға бағаланады.
Влахович әр жылдары Италияның «Фиорентина» және «Ювентус» клубтарында өнер көрсетті. 2022 жылдың қаңтарында «Ювентус» оның «Фиорентинадан» трансфері үшін 70 миллион еуро төледі.