«Атлетико» Альварестің «Барселонаға» ауысуын талқылаудан бас тартты

Бекарыс Әлімхан··
«Атлетико Мадрид» ФК

«Атлетико Мадрид» ФК

«Атлетико» бас директоры Мигель Анхель Хиль Хулиан Альварестің «Барселонаға» ықтимал ауысуына қатысты пікір білдірді.

Мадридтік клуб басшылығының бұл шешімін акционерлер мен директорлар кеңесінің мүшелері қолдады. Хиль «Атлетиконың» каталондық клубтың ұсыныстарын қарастыруға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Бас директор ретінде қызметкерлердің, акционерлердің және директорлар кеңесі мүшелерінің қолдауымен айта аламын: біздің жалғыз әрі түпкілікті шешіміміз – «Барселонамен» келіссөз жүргізбейміз. Мен футбол саласында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Бас директор қызметінде тұрған кезімде Альварес «Барселонаға» сатылмайды», – деп Хильдің сөзін AS басылымы келтіреді.

Альварес маусымдағы алғашқы матчын 23 тамызда өткізді. Аргентиналық шабуылшы «Вильярреалға» қарсы кездесуде (2:2) 67-минутта алаңға қосылды. Ойын барысында және матчтан кейін жанкүйерлер форвардты ысқырып қарсы алды. Оның мадридтік клубпен келісімшарты 2030 жылға дейін жарамды.

«Атлетико» Альварестің «Барселонаға» ауысуын талқылаудан бас тартты – sport-hub